Мен, Қойшина Толғанай Жұмабекқызы, 1995 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Тәуіш ауылында дүниеге келдім.
2001 жылы Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2013 жылы осы мектептің 11-сыныбын аяқтадым. Сол жылы Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша диплом алдым.
2016 жылы Тәуіш бастауыш мектебіне тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Кейін Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтап, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша диплом алдым.
Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімі және меңгеруші қызметін атқарамын.

